Ашуланшақтық, ашуланғыштық, ашушаңдық, ызақорлық, шаялық, күйгелектік, долылық

lat: Ashýlanshaqtyq, ashýlanǵyshtyq, ashýshańdyq, yzaqorlyq, shaıalyq, kúıgelektik, dolylyq.

Не болса соган ашулана берушілік, ызақор болушылық. Көке, осы күйгелектігіңді, ашуланшақтығықты қойсаң қайтеді?- жасөспірімдердің көңіл ауаны өте өзгергіш, өкпелегіштік пен ашуланғыштық байқалады («Адам анатомиясы»), Өзіңді сабырлы ұста, ашушаңдығыңды көрсетпе, - деп өпкесі ақылын айтады («Қазақстан әйелдері»). Бәзікен ызақорлығы ұстап, ашуланып кетті (С. Мұратбеков). Тобықты шаялығықды қылдың ба, білегі жуандығынды қылдың ба (М.Әуезов). Күйгелектігі шын құрыстаған кезде қызған табаға тірі түскен балықтай шоршып тулайды (3. Жәкенов). Жанар бұрынғы жібек мінезді қыз емес, долылық буып, көгеріп алыпты (Т. Ахтанов).